Ұлыбританиялық боксшы Мэйсон Картрайт спорттық мансабында бірінші рет жеңілді. Спорттшының жекпе-жектен кейінгі видеосы жарияланды.
Лидсте өткен бокс кешінде ол өз отандасы Даррен Тетлимен екінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы атағы үшін таласты. Картрайт тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңілді.
25 жастағы боксшы жекпе-жектен кейін жантүршігерлік видео жариялады, онда оның ерні жарылған, көздері көгерген және көптеген жерінен қан кеткені түсірілген.
Картрайт спорттық мансабында тұңғыш рет жеңілді. Ол 14 жекпе-жек өткізіп, 13-інде жеңіске жетіп, біреуінде қарсыласымен тең түскен. Ал оның қарсыласы Тетли болса 15 жекпе-жекте де жеңіске жеткен.
Жарнама