auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жеңілмеген ұлыбританиялық боксшы Головкиннің орнына Сондерстің қарсыласы болуға дайын

Жеңілмеген ұлыбританиялық боксшы Головкиннің орнына Сондерстің қарсыласы болуға дайын
Ұлыбританиялық боксшы орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Томми Лэнгфорд (18-0, 6 КО) IFL TV арнасына берген сұхбатында өз отандасы WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерспен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

Ол, егер Сондерс қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен келісімшартқа қол жеткізе алмаса, шаршы алаңға өзімен шықсын деді

"Мен оны түсінемін, ол керемет ірі жекпе-жек өткізгісі келеді. Қазіргі уақытта менде WBO Interim титулын жеңіп алуға мүмкіндік бар. Егер Сондерс - Головкин жекпе-жегі өтпейтін болса, ол менімен шығуы керек. "Мен барлығына "иә"деймін және осының іспен дәлелдеймін. Мен кез-келгенімен шығуға дайынмын. Мен Билли Джомен жұдырықтасуға дайынмын - мен кез-келген қарсыласқа дайынмын", - деді Лэнгфорд.

Келесі жекпе-жегінде Лэнгфорд грузиялық боксшы WBO тұжырымы бойынша уақытша чемпион атағының иегері Автандил Хурцидземен (32-2-2, 21 КО) кездеседі. Жекпе-жек 22 сәуірде Лестерде өтеді. Негізінде Хурцидзе Сондерспен міндеттелген жекпе-жек өткізуі керек болған, алайда ұлыбританиялық боксшы бұдан сытылып кетті.

"Ол өте қауіпті қарсылас, онымен ешкім жұдырықтасқысы келмейді, - дейді Лэнгфорд Хурцидзе туралы. - Алайда сіз спортағы ең биік шыңға шыққыңыз келсе, керек кезінде қашып кетпей, ірі төбелесті қарсы алу керек. Мен секілді қабылдау керек. Мен WBO рейтингінде екінші орындамын,  маған ірі жекпе-жек берді, мен келістім, кез келген спортшы осылай істеу керек!".

"Геннадий маусымда жекпе-жекке шыққысы келеді. Сондерспен шықпаса, оның орнына Туреано Джонсон қарсылас болуы мүмкін. Маусымда кім болатынын көреміз", - деді Санчес K.O Artist Sports басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:

Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама