Жеңілмеген мексикалық Головкин - Альварес арасындағы бокс кешінде өнер көрсетеді
Джозеф Агирре.© Supreme Boxing
Жеңіл салмақта өнер көрсететін мексикалық боксшы Джозеф Агирре (17-0, 9 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Агирре ES News басылымына берген сұхбатында қарсыласының есімі белгісіз екенін айтқан. 26 жастағы мексикалық осымен үшінші рет АҚШ-та кездесу өткізеді.
"Мен әрдайым отандастарымды қолдап жүремін. "Канело" GGG-ге қарсы - бұл нағыз жекпе-жек. Маған "Канело" ұнайды, бірақ GGG - өте мықты әрі сақ боксшы", - деді Агирре.
Еске салайық, Головкин - Альварес андеркартында бірінші орта салмақта Антонио Ороско (26-0, 17 КО) мен Роберто Ортис (35-1-2, 26 КО), ал екінші аса жеңіл салмақта - Диего Де Ла Хойя (19-0, 9 КО) мен америкалық Рэнди Кабальеро (24-0, 14 КО) жұдырықтасады. Сонымен қатар, америкалық Марлен Эспарзы шығуы мүмкін, қазіргі уақытта оған қарсылас іздестіріліп жатыр екен.
Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.
Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Жарнама