Жеңілмеген қазақстандық боксшының чемпиондық белбеу үшін кездесуі өтпейтін болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцскийдің (14-0, 13 КО) 20-ақпан күніне жоспарланған кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы TimBoxeo хабарлап отыр. 

32 жастағы боксшымыз 38 жастағы чехиялық Павел Соурмен (13-3, 8 КО) кездесуі керек болатын. Гамбург қаласында, 12 раундқа жоспарланған кездесуде WBA International белбеуі сарапқа салынуы керек еді. Бірақ отандасымыздың қарсыласы коронавирус жұқтырып алыпты.

"Чехиялық боксшы Павел коронавирус жұқтырып, өзін нашар сезініп жатқанын хабарлады. Енді оның 20-ақпан күні Жан Кособуцскийге қарсы кездесуі өтпейтін болды", - делінген TimBoxeo твиттер парақшасында. 

Еске салайық, 2020 жылы Кособуцский екі кездесу өткізіп, екеуінде нокаутпен жеңіске жетті. Оның еншісінде IBO Inter-Continental белбеуі бар. 

Метки:
Жаңалықтар