Профи-бокс
3 маусым 2017 18:38
 
Жеңілмеген боксшы Головкин - Альварес жекпе-жегінің негізгі факторын атады

  Пікірлер

blog.share

Жеңілмеген боксшы Головкин - Альварес жекпе-жегінің негізгі факторын атады © Behind The Gloves

Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Луис Ариас (17-0, 8 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жек туралы өз ойын білдірді және осы кездесудің чемпионымен шаршы алаңға шыққысы келетінін жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің ойымша, бұл жекпе-жекте екеуінің мүмкіндігі 50-де 50. Мен бірақ жеңісті Головкинге беремін. Басында "Канело" оны ұрып жығады деп ойлағам, бірақ оларды шаршы алаңда бірге көргенде денелерін көріп, Головкиннің қаншалықты ірі екенін байқадым. Бұл осы жекпе-жекте шешуші фактор болады.

Қазірдің өзінде мен ортасалмақтағы ең үздік боксшылармен шығуға дайынмын. Мен әуесқойда көп кездесу өткіздім, ал кәсіпқой рингте 17 рет шаршы алаңға шықтым. Мені әлемнің екі чемпионы дайындайды.Мен дайынмын, бірақ асықпаймын. Менің мақсатым - жыл соңына дейін бірінші үміткер болу. Головкин мен Альварес жекпе-жегінен кейін оларға қарсылас керек болады, мен солардың қарсыласы болуды жоспарлап отырмын.", - деді Ариас On The Ropes Boxing Radio басылымына берген сұхбатында.

GGG - "Канело" жекпе-жегінің жеңімпазы міндеттелген қарсылас тағайындалып отыр, бірақ Альварес ұтылған жағдайда ол реванш сұрай алады.

Жарнама

Живи спортом!