Профи-бокс
27 наурыз 2018 15:01
 
Жекпе-жекті қыздыра түсу үшін жасалған әрекет болуы мүмкін - Чавес Альварестің допинг дауы жайлы

  Пікірлер

blog.share

Жекпе-жекті қыздыра түсу үшін жасалған әрекет болуы мүмкін - Чавес Альварестің допинг дауы жайлы Хулио Сезра Чавес © Boxing News

Мексикалық бокстың аңыз адамы Хулио Сезар Чавес Невада штатының Атлеттер комиссиясының өз отандасы Сауль "Канело" Альваресті жекпе-жектерден уақытша шектеу туралы шешімі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды ESPN Deportes.

Альварес жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталған. Екі бірдей сынамасынан тыйым салынған кленбутерол препараты табылған. Мексикалықтың командасы бұл жағдайды боксшының ағзасына бұл препарат желінген еттен енген дегенді айтып, түсіндірген. Ал Головкинмен жекпе-жегі 5 мамырға белгіленген.

Чавестің ойынша 10 сәуірге дейін екі боксшының күтуі әділетсіз, себебі шешімді қазірдің өзінде-ақ шығаруға болады екен. Сонымен қатар ол екі боксшыға да обалдық жасалғанын айтады, себебі екеуі де екінші кездесудің 100 пайызға өтетініне күмән келтіреді. 

"Бұл күлкілі жағдай. Ол не береді? Егер үкім шыққан болса, оны 10 сәуірге дейін не үшін күту керек. Жекпе-жекке 25 күн ғана қалады? Менің ойымша олар жекпе-жектен бас тартпайды. Бұл жекпе-жекті қыздыра түсу үшін жасалған әрекет болуы мүмкін, себебі миллион долларлар қойылып жатыр", - деді Чавес. 

Еске сала кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді. Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

Жарнама

Живи спортом!