Екінші орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (30-0, 14 КО) белгісіз бір вирус жұқтырып алғанын айтты,- деп хабарлайды vRinge.com порталы.
Сондерс коронвирус жұқтырмаған. Бірақ ол тұмауратып қалған екен. Дегенмен де британдық боксшы тұмауға байланысты он күн жаттығу жасай алмай жатыр.
"Бізде әлі жекпе-жекке жоспар құратын уақыт болмады. Біраз қалып келе жатырмыз", - деді Сондерс.
Бұл жағдайда енді британдық боксшының WBC және WBA белбеулерінің иегері Сауль "Канело" Альвареске (55-1-2, 37 КО) қарсы кездесуіне кедергі болуы мүмкін. Себебі, ол алдағы айқасқа толық дайын болмай шығады. Ал кездесу 8-мамырға белгіленген.