auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жекпе-жек 12 раунд болмайды, Головкинді сөзсіз нокаутқа түсірем - Альварес

Жекпе-жек 12 раунд болмайды, Головкинді сөзсіз нокаутқа түсірем - Альварес
© Fightnews.info
Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело " Альварес 16 қыркүйектегі жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкинді нокаутқа түсіретінін айтады.

"Жекпе-жек 12 рауындқа созылмайды-ау. Ол жекпе-жектің аяғына дейін шыдамайтынына кепіл беремін. Кездесу нокаутпен аяқталады. Мен Голвкинді сөзсіз нокаутқа түсірем", - дейді Альварес TMZ.com басылымына берген сұхбатында.

Мұның алдында мексикалық боксшы жеңісіне сенімді болғандықтан Головкинмен бір ғана жекпе-жек өткізетінін айтқан. Алайда келісімшартта Альварес қана пайдалана алатын қарымта кездесу туралы тармақ бар. 

Сонымен бірге, "Канело" қазақстандық боксшының мексикалық стилі барын айтқан. Оның пікірінше, бұл олардың жекпе-жегі үшін ұтымды жайт. Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтетін жекпе-жекте Головкин WBA (Super), WBC, IBF және IBO атақтарын қорғайтын болады. 

Ал Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Головкин-Альварес жекпе-жегіне арнайы белбеу жасады. Алайда мексикалық бұл ұйымның белбеуіне таласы жоғын осының алдында айтқан. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар
22 қыркүйек, 15:32
Кәсіпқой бокс
Усик мансабын аяқтай ма? Усик мансабын аяқтай ма?

Жарнама

Жарнама