"Жазалау керек". Головкин "Канеломен" бірінші айқастағы төрешілер туралы

©The Making of a Trilogy.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) бірінші кездесуде төреші Аделаида Берд 118-110 есебімен жеңісті мексикалыққа берген кезде таңғалғанын айтты, деп жазады Fightnews.info порталы. 

Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу 2017 жылдың қыркүйек айында Лас-Вегас қаласында өтіп, тең аяқталған болатын. Бұл кездесуде 118-110, 115-113 және 114-114 есебі тіркелді. 

"Жекпе-жек барысында мен жеңіп жатқаныма сенімді болды. Тіпті соңғы раундта да мен қысым жасап, көп соққы жасадым. Соққыларымның көбі дәл тиді. Сондықтан жеңіске жету үшін барлығын істедім деп ойлаймын. 

Тең дегенді хабарлағанда қандай көңіл-күйде болғаным есімде. Түсінбей қалдым. Бір төреші тіпті масқара есепті тіркепті. Қатты таңғалдым. Боксты түсінбейді-ау деп ойладым. Менің ойымша, төрешілердің мұндай шешіміне жаза тағайындалу керек", - деді Головкин The Making of a Trilogy деп аталатын деректі фильмде берген сұқбатында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар