Жастар арасындағы Олимпиада ойындарының финалисі және жастар арасында Азия біріншілігінің чемпионы қазақстандық Талғат Шәйкен (6-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Tukeshov Boxing Promotions және MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясы ұйымдастырған Алматыдағы бокс кешінде 21 жастағы Шәйкен 42 жастағы Омар Марабаевпен (1-10, 0 КО) кездесті.
Жекпе-жек негізі сегіз раундқа жоспарланған болатын. Бірақ екінші раундтан кейін Марабаев айқасты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Шәйкен техникалық нокаутпен жеңіске жетті.