Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) Алматыдағы бокс кешінде жапониялық боксшы Акихиро Кондодан (37-12-2, 21 КО) айласын асырды. Осылайша, ол екінші чемпиондық атағына ие болды.
33 жастағы отандасымыз қарсыласымен 12 раунд бойы жұдырықтасты. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен айқын жеңіске жетті. Жанқош 118:110, 120:108, 118:110 есебімен басым болды.
Жанқош бірінші жартылай орта салмақта IBO чемпиондық атағын қорғап қана қоймай, бос тұрған WBA Gold белбеуін жеңіп алды.