Жанқош Тұраровтың келесі кездесуі қашан өтетіні анықталды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың (24-0, 17 КО) келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды. Ол соңғы мәрте осыдан екі жыл бұрын жекпе-жек өткізген болатын. Vesti.kz ақпараты бойынша, 30 жастағы боксшы шаршы алаңға тамызда оралады.

Тұраров қазіргі уақытта Алматы қаласында алдағы кездесуіне дайындықты бастап кеткен. Ал алдағы бір аптада оның жекпе-жегінің өтетін орны, қарсыласы анықталуы керек.
Негізі бұл боксшы шаршы алаңға сәуір айында оралады деген ақпарат шыққан. Бірақ айқас алдында Жанқош коронавирус жұқтырып, жекпе-жектен бас тартты. Дубайда өтуі керек болған кездесуде оның қарсыласы да белгілі тұғын. Ол братиндық Тайрон Маккена (21-2-1, 6 КО) еді.
Айта кетейік, Тұраров соңғы кездесуін 2019 жылы шілдеде өткізді. Нұрсұлтан қаласында өткен кеште ол аргентиналық Мауро Максимилиано Годойды (34-6-1, 17 КО) жеңді.
Жарнама