Профи-бокс
2 тамыз 2017 12:00
 
Жанқош Тұраровтың Астанада өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды

  Пікірлер

blog.share

Жанқош Тұраровтың Астанада өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды

9 қыркүйек күні Астана қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатын қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы Qazaq promotions компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық боксшының қарсыласы аргентиналық Бруно Леонардо Ромэ болады. Ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында 25 кездесу өткізіп, 21 кездесуінде жеңіске жеткен. Соңғы рет 29 жастағы аргентинкалық боксшы шаршы алаңға 14 мамыр күні шығып, отандасы Алехандро Кухорскиді нокаутпен жеңген. 

Жанқош Тұраров болса кәсіпқой бокста 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 15 кездесуінде отандасымыз қарсыласын нокаутқа түсірген. 

Айта кетейік, Жанқош Тұраров пен Бруно Леонардо Ромэ арасындағы кездесу 10 раундқа жоспарланып отыр.

Жарнама

Живи спортом!