Осы уақытқа дейін Тұраров бұл рейтингте тоғызыншы орында тұрған болатын. Наурыз айында WBO басшылары коронавирусқа байланысты барлық рейтингті тоқтатып қойды. Ал шілде айында шыққан рейтингте Тұраров жоқ.
Өзге қазақстандық боксшылар рейтингте өз орындарын сақтап тұр. Тарқатып айтсақ, орта салмақта өнер көрсететін Қанат Ислам (27-0, 21 КО) үшінші орында болса, Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) төртінші орында. Екінші орта салмақта сынға түсетін Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) жетінші, жартылай орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабев (8-0, 5 КО) он бесінші сатыға жайғасқан.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Ербосынұлы WBO Global, WBC Asia және WBA International, Жаңабев WBA Inter-Continental және WBO Oriental, Әлімханұлы WBO Global мен WBC Continental Americas, ал Ислам WBO International белбеулерінің иегерлері.
Әзірше WBO рейтингтегі өзгерістер туралы ешқандай түсініктеме бермеді. Тұраров негізі наурыз айында белбеуін қорғау керек еді. Бірақ коронавирусқа байланысты кездесу өтпей қалды.
.