Жанқош Тұраров келесі кездесуін британдық боксшыға қарсы өткізетін болды

Сурет: Тұрар Қазанғапов.

Бірінші жартылай орта салмақта екінші деңгейлі WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) өзінің келесі кездесуін 12-наурыз күні өткізеді,- деп хабарлайды BoxRec.

30 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы британдық боксшы Тайрон Маккен (21-2-1, 6 КО) болады. 

Жекпе-жек он раундқа жоспарланып отыр. Кездесу Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтеді. 

Еске салайық, соңғы рет Тұраров шаршы алаңға 2019 жылдың шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласында шығып, аргентиналық Максимилиано Годойды (32-6-1, 17 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңді.





 

Метки:
Жаңалықтар