Жанқош Тұраров келесі кездесуін аргентиналық боксшыға қарсы өткізеді
Кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта ел намысын қорғап жүрген боксшымыз Жанқош Тұраров (21-0-0, 15 КО) келесі кездесуін 21 шілде күні АҚШ-та өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Отандасымыздың қарсыласы 29 жастағы Бруно Леонардо Ромэй. Аргентиналық боксшы осы уақытқа дейін кәсіпқой бокс шаршы алаңында 25 кездесу өткізіп, оның 21-де жеңіске жетсе, 18 кездесуде қарсыласын нокаутқа жіберген. Соңғы рет ол жеңілістің кермек дәмін 2015 жылдың мамыр айында Райан Янгтен ұпай бойынша татқан.
Сол уақыттан бері ол 13 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы рет ол 2017 жылдың 14 мамырында отандасы Мартина Алехандро Куроскиді жетінші раунда нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
Жанқош Тұраров та соңғы рет шаршы алаңға мамыр айында шығып, мексикалық Густаво Гарибайды үшінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.

Жарнама