Профи-бокс
26 тамыз 2022 14:17
 
Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы келесі кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы келесі кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады ©instagram.com/zhankoshturarov

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында карьерасындағы қиындықтар туралы айтты. Әңгіме барысында ол келесі кездесуі қашан өтетіні жайлы ақпаратпен бөлісті. 

"Мен карьерамды аяқтамадым. 25 жеңісім бар рекордты қалай тастап кете аламын? Өмірде әр-түрлі жағдайлар болып тұрады ғой. Бұрынғы промоутеріммен жұмысты тоқтаттық. Қазіргі уақытта жаңа промоутермен келіссөз жүргізудемін. Жуырда жақсы жаңалық болады. Әрбір боксшы әлем чемпионы болғысы келеді. Мен де сол арманымнан бас тартқаным жоқ. Соңына дейін мақсатымды орындауға тырысамын. Шаршы алаңға мықты болып қайта ораламын", - деді Тұраров. 

Айта кетейік, 31 жастағы боксшы өзінің соңғы кездесуін 2021 жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізіп, мысырлық боксшы Абдумонем Саидты (22-2-1, 11 КО) 45 секудта нокаутқа түсірген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!