Жәнібектен "қашқан" нокаутшы чемпионмен айқасатын болды

©Golden Boy Promotions

Бірінші орта салмақта WBO чемпионы болған Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) РВС промоутерлік компаниясының басшысы Эл Хеймоннан орта салмақтағы WBC белбеуінің иегері америкалық Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) жекпе-жек өткізу туралы ресми ұсыныс алды. Бұл туралы vRINGe.com порталы хабарлайды. 

Инсайдерлердің ақпараты бойынша, екі тарап келісімшартты аяқтауға жақын. Жекпе-жек туралы келесі аптада ресми хабарланады. Қазіргі уақытта Мунгия ұсынысты қабыл алған. Енді оның промоутері Фернандо Бельтран (Promociones Zanfer) мен Оскар Де Ла Хойя (Golden Boy Promotions) келісу керек. 

Шолушы Кит Айдек екі тарап 18 маусымда айқас өткізуді ақылдасып жатқанын айтады. Жекпе-жек Чарло таңдаған жер, яғни Хьюстонда (Техас штаты, АҚШ) өтеді. Осы себепті WBO орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (11-0, 7 КО) жаңа қарсылас бекіткен

Тағы бір инсайдер Стив Ким болса екі боксшының командасы әлі келісімге келе алмаған дүниелері бар екенін жазды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар