"Жәнібек - болашағы зор боксшы". Маман Әлімханұлының бұрынғы чемпионмен өткізген кездесуіне баға берді

©reviewjournal.com

Танымал америкалық журналист әрі бокс шолушысы Стив Кив орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен Хассан Н'Дам Н'Жикам (38-6, 21 КО) арасындағы айқас туралы ойымен бөлісті. 

Бұл кездесу 21 қараша күні Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп, Әлімханұлы сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

"Жәнібек Әлімханұлы сегізінші раундта Хассанды тоқтатып, кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Үшінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіргеннен кейін, кездесудің жеңімпазы кім болатыны анықталып қойды. Әлімханұлы кездесуді әдейі созған секілді. Ол шаршы алаңнан ләззәт алды. Сосын төреші Кенни Бейлесс айқасты қашан тоқтатады, 37 жастағы французды қарсылас соққыларын қашан арашалап алады екен деген ой да келді. 

Әлімханұлы - болашағы зор боксшы. Н'дам болса карьерасын аяқтай берсе болады. Оның жұлдызды сәтті артта қалды", - деп келтіреді Кивтің сөзін NSAC.com порталы. 

Әлімханұлы үшін аталған айқас биылдыққа екінші болды. Бұған дейін ол Лас-Вегаста тағы бір әлемнің бұрынғы чемпионы Роб Брантты нокаутпен жеңген еді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар