Жәнібек Әлімханұлының командасы келесі кездесуінің алдында маңызды мәлімдеме жасады
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) 27-ақпан күні Алматыда өтетін бокс кешінде жұдырықтаспайтын болды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
"Маңызды! Құрметті жанкүйерлер! Өкінішке қарай, біз 27-ақпан күні Алматыда жұдырықтаспайтын болдық. Жәнібек жаттығу кезінде жарақат алып қалды.
Құдай қаласа, бәрі жақсы болса көктемнің аяғы немесе жаздың басында рингке шығамыз. Осындай қиын сәтте сіздер бізді қолдайтындарыңызды білеміз", - деп жазды боксшының командасы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Әлімханұлы қазіргі уақытта WBO Global және WBC Continental белбеулерінің иегері. Ол соңғы кездесуін қазан айында өткізіп, аргентиналық Гонсало Корияны нокаутпен жеңді.
Еске салайық, Алматыдағы бокс кешінің басты кездесуінде бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, екі рет Азия біріншілігінің финалына шыққан Қамшыбек Қоңқабаев (2-0, 2КО) өнер көрсетеді. Оның қарсыласы британдық боксшы Стивен Уорд (13-1, 4 КО) болады.

Жарнама