Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) келесі жекпе-жегін 17 тамызда өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақтағы жекпе-жек Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California Stadium аренасындағы бокс кешінде өтеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы 32 жастағы канадалық Стюарт МакЛеллан (27-3-3, 11 КО) болады. Кездесу он раундқа жоспарланған.
Бұл шоудың басты жекпе-жегінде екінші жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Эмануэль Наваррете (27-1, 23 КО) мен америкалық Франсиско Де Вака (20-0, 6 КО) жұдырықтасады.
Калифорния штатындағы барша Қазақстандықтарды жекпе-жекті тамашалауға шақырамын. Көк туды ала келіңіздер???????? Жеңісте жүздесейік ⚡ #qazaqStyle @trboxing @klimasmanagement @buddymcgirtboxing @russanber @beriksultan @taylor_ramsdell
Публикация от Жәнібек ӘЛІМХАНҰЛЫ (@janibek_alimkhanuly)
21 Июл 2019 в 6:10 PDTАйта кетейік, Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 12 сәуірде Лос-Анджелесте мексикалық Кристиан Оливасқа қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, қазақстандық боксшы WBC Continental Americas және екінші деңгейлі WBO Global белбеулерін иеленген еді.