Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы әлем чемпионына үміткер боксшымен дайындалуда

©Боксшының әлеуметтік желісінен алынды

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (10-0, 6 КО) келесі қарсыласы франциялық Хассан Ндам Нжикам (38-5, 21 КО) алдағы айқасқа Монакода дайындалып жатыр, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Дайындық барысында Нжикам бірінші орта салмақта WBA Super белбеуінің бұрынғы үміткері отандасы Седрик Витумен (48-4, 19 КО) спарринг өткізуде. Бұл дайындықтарынан суретті франциялық боксшы әлеуметтік желісіндегі парақшасына салды. 

Еске салайық, Әлімханұлы мен Нжикам арасындағы айқас 5 қараша күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өтеді. Алдағы кездесуге Жәнібек Калифорния штатындағы Окснард қаласында Джеймс "Бадди" Макгирттің қол астында дайындалуда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар