Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (10-0, 6 КО) келесі қарсыласы франциялық Хассан Ндам Нжикам (38-5, 21 КО) алдағы айқасқа Монакода дайындалып жатыр, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Дайындық барысында Нжикам бірінші орта салмақта WBA Super белбеуінің бұрынғы үміткері отандасы Седрик Витумен (48-4, 19 КО) спарринг өткізуде. Бұл дайындықтарынан суретті франциялық боксшы әлеуметтік желісіндегі парақшасына салды.
Еске салайық, Әлімханұлы мен Нжикам арасындағы айқас 5 қараша күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өтеді. Алдағы кездесуге Жәнібек Калифорния штатындағы Окснард қаласында Джеймс "Бадди" Макгирттің қол астында дайындалуда.