Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы келесі кездесуі қашан өтетіні нақты анықталды

©instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) ұлыбританиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) жекпе-жегін қашан өткізетіні анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Boxingscene.com ақпараты бойынша, бұл айқас 21 мамырда болады. Алайда айқастың нақты қайда өтетіні белгісіз. 

Еске салайық, Әлімханұлы мен Дигнум арасындағы кездесу өтетіні туралы кеше британдық боксшының промоутері Ли Итон хабарлаған еді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар