Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінде жоғарылады

©Top Rank

The Ring журналының сайты барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингісінің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Орта салмақтағы IBF/IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бірінші орнын сақтап қалды.

Ал өткен айда әлемнің экс-чемпионы Хассан Н’Дам Н’Жикамды нокаутпен жеңген тағы бір қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді.

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы боксшыладың рейтингісі:

1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан)

2 (2). Джермалл Чарло (АҚШ)

3 (3). Деметриус Андраде (АҚШ)

4 (5). Джайме Мунгия (Мексика)

5 (6). Риота Мурата (Жапония)

6 (7). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)

7 (8). Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания)

8 (-). Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)

9 (4). Сергей Деревянченко (Украина)

10 (9). Лиам Уильямс (Ұлыбритания).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар