Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінде екі саты жоғарылады

Сурет: twitter.com/qazaqstyle

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) The Ring сайтының жаңартылған рейтингінде екі саты жоғарылады, деп жазады Vesti.kz порталы.

Қазақ боксшысы кейінгі жекпе-жегінде әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңді. Осының арқасында ол WBO рейтингінде екінші, ал WBC тізімінде үшінші орынға көтерілген болатын. 

Енді жаңартылған The Ring сайтында Әлімханұлы 9-орыннан 7-орынға көтерілді. Орта салмақта бұл рейтингтің басында IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) тұр. 

Рейтингтің толық нұсқасы мынадай: 

Геннадий Головкин (Қазақстан) Джермалл Чарло (АҚШ) Деметриус Андраде (АҚШ) Сергей Деревянченко (Украина) Риота Мурата (Жапония) Хайме Мунгия (Мексика) Жанібек Әлімханұлы (Қазақстан) Крис Юбэнк-кіші (Ұлыбритания) Лиам Уильямс (Ұлыбритания) Феликс Кэш (Ұлыбритания).
Метки:
Жаңалықтар