Жәнібек Әлімханұлы сыйға алған көлігін PR-менеджеріне тарту етті

©Janibek Alimkhanuly team

Орта салмақта WBO және IBF нұсқаларында әлем чемпионы атағына ие Жәнібек Әлімханұлы Алматыда өткен бокс кешінің құрметті қонағы болды. Кеш барысында Алматы қалалық мәслихатының депутаты Дулат Тастекей әлем чемпионына су жаңа электрокар сыйлады. 

Жәнібек су жаңа көлікті «Qazaq Style-дың» PR-мен айналысып жүрген маман Берік Сұлтанға мінгізді. 

Біз Qazaq Style-ды тарихта қалдырамыз. Сол тарихты менімен бірге қашап, еңбек етіп келе жатқан Берік Сұлтанды ортаға шақырамын. Осы ағам болмағанда Qazaq Style-дың тарихы әлсіз жазылар еді. Алғысымды осы кісіге айтамын. Беке, темір тұлпар Сіздікі, - деп көлікті тарту етті. 

Айта кетейік, Алматыда өткен бокс кешінде Жанқош Тұраров жапон боксшысы Акихиро Кондоны жеңіп, IBO чемпиондық белбеуінен қорғады және сарапқа салынған WBA Gold белбеуін жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар