Әлімханұлы кеше Лас-Вегаста өткен бокс кешінде аргентиналық Гонсало Кориюмен (16-3, 6 КО) кездесіп, екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша отандасымыз WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды.
Бұл жеңістен кейін қазақстандық боксшы BoxRec рейтингінде 23-орынға көтерілді.
Айта кетейік, бұл Әлімханұлының биыл өткізген бірінші кездесуі болатын. Ол соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың қараша айында Фресно қаласында (Калифорния штаты, АҚШ) өткізіп, канадалық Альбер Онолунседен (24-3-1, 8 КО) үстем түскен болатын.