Профи-бокс
7 маусым 2021 21:25
 

Жәнібек Әлімханұлы Майк Тайсонның спарринг қарсыласымен дайындалып жатыр

  Пікірлер

blog.share

Жәнібек Әлімханұлы Майк Тайсонның спарринг қарсыласымен дайындалып жатыр Сурет боксшының әлеуметтік желісінен алынды.

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Роб Брантқа (26-2, 18 КО) қарсы кездесуіне атақты Майк Тайсонның спарринг қарсыласымен бірге дайындалып жатыр, деп жазады Vesti.kz порталы. 

blog.share

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Роб Брантқа (26-2, 18 КО) қарсы кездесуіне атақты Майк Тайсонның спарринг қарсыласымен бірге дайындалып жатыр, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Бұл жігіт Луис Роус деген батыр. Рекорды 17-3. Тайсон мен Рой Джонс жұдырықтасқанда Темір Тайсонның спарринг қарсыласы болған азулы боксшы. Одан бөлек Жәнібектің қарсыласы Роб Брантпен жұдырықтасқан. Стилі бөлек, соққысы ауыр әрі жылдам. Қазір Жәнібек Әлімханұлының спарринг қарсыласы болып жүр. Дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр. Құдай қаласы жекпе-жекке 3 апта қалды", - деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) мен Роб Брант (26-2, 18 КО) арасындағы кездесу 26 маусым Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өтеді. Айқас он раундқа жоспарланған. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) мен жапониялық Масаеши Накатани 19-1, 13 КО) жұдырықтсады. 

Боб Брант 2018 жылы Риота Муратаны (14-2, 10 КО) жеңіп, WBA Regular белбеуін жеңіп алады. Алайда арада бір жыл салып қарымтада ол нокаутқа түсіп қалды. Америкалық боксшы соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың тамызында шығып, украиналық Виталий Копиленконы (28-3, 16 КО) жеңді. 

Еске салайық, Әлімханұлының да, Бранттың да жекпе-жектерін Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастырады.

 

Жарнама

Живи спортом!