Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласы туралы мәлімдеме жасады

©Top Rank

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) келесі қарсыласы туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Еске салайық, отандасымыз бірнеше күн бұрын ғана әлемнің бұрынғы чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикамды (38-6, 21 КО) жеңген еді. Содан соң да отандасымыз бірнеше мәрте мәлімдеме жасап, әлем чемпиондарын айқасқа шақырды. 

Ал бүгін ол Instagram парақшасында "Келесі кім болады?", - деп жазба қалдырды. 

Айта кетейік, соңғы жеңісінен кейін Әлімханұлы WBO басшыларынан америкалық әлем чемпионы Деметриус Андрадемен (31-0, 19 KO) жекпе-жек ұйымдастыруды сұраған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар