Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: instagram.com/janibek_qazaqstyle

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы биыл шаршы алаңға шықпайтынын хабарлады,- деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Құрметті жанкүйерлер! Біздің команда демалысқа кетті. Биылға жекпе-жек болмайды деген хабар алдық. Бұйыртса келер жылдың басында жұдырықтасамыз! Жеңісті күндерде жүздесейік", - деп жазды боксшы Instagram парақшасында. 



Айта кетейік, Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін 10-қазан күні Лас-Вегас қаласында өткізіп, аргентиналық Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді. Бұл жеңісінен кейін ол WBO рейтингінде үздік үштікке қосылды. 



 

Метки:
Жаңалықтар