Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінен шығып қалды. Екі қазақстандық үздік 15 боксшының қатарына қосылды

©roundbyroundboxing.com

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінде үздік бес боксшының қатарына қосылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

26 жастағы Ахмедов ақырғы жекпе-жегін желтоқсан айында АҚШ жерінде өткізіп, жеңіске жетті. Осы кездесуден кейін рейтингте бесінші орынға көтерілді. Ал осы салмақтағы екінші отандасымыз Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) төртінші сатыда. 

Халықаралық бокс федерациясының жаңартылған рейтингінен Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) шығып қалды. Есесіне орта салмақта жұдырықтасатын Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) 13-орынға көтерілді. 

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы Сұлтан Зәуырбек болса (12-0, 8 КО) 11-орынға шықты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар