auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жәнібек Әлімханұлы Эль-Пасодағы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Сағадат Рахманқұлов болса жеңіліс тапты.

Жәнібек Әлімханұлы Эль-Пасодағы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Top Rank
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Эль-Пасода (АҚШ, Техас штаты) өткен бокс кешінде америкалық Вон Александрды жеңді.

Орта салмақта жұдырықтасатын боксшылардың жекпе-жегі жоспарланған 8 раундқа созылды. Бұл қазақстандық боксшының ең ұзаққа созылған жекпе-жегі болды.

Шаршы алаңдағы шайқаста ширақ қимылдары, жойқын соққыларымен көзге түскен Жәнібек Әлімханұлы төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл – қазақстандық боксшының кәсіпқой ринг төріндегі төртінші жеңісі.

"Шеберлік айырмашылығы бірінші раундта-ақ байқалды". BoxingScene шолушысы Әлімханұлы мен Рахманқұлов жайлы

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақ. Әуесқой бокста Жәнібек Қазақстанның 9 дүркін чемпионы, Азия және Азия ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарған боксшы. Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Эль-Пасодағы бокс кешінде қазақстандық тағы бір боксшы Сағадат Рахманқұлов та жекпе-жекке шықты. Ол пуэрто-рикалық Никлаус Флазға төрешілер шешімі бойынша жол беріп, мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар