Орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) келесі жекпе-жек алдында коронавирусқа тест тапсырды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Боксшының Instagram әлеуметтік желісіндегі жазған ақпараты бойынша, Әлімханұлы мен жекпе-жек кезінде оның қасында болатын адамдардың бәрі текст тапсырды. Сәрсенбі күні қазақстандық боксшы командасымен бірге Невада штатына аттанады. Ал бейсенбі күні жекпе-жекке арналған баспасөз жиыны өтеді.
"Бүгін команда ковид-тест тапсырды. Құдай қаласа сәрсенбі Вегасқа аттанамыз. Бейсенбі Ломаченко мен Жәнібектің қатысуымен баспасөз маслихаты өтеді. Жұма салмақ өлшейміз. Сенбі кешке жекпе-жек, бұйыртса! Хабар арнасы 27-не яғни жексенбі таңертең тікелей эфирде көрсетеді", - деп жазды боксшы әлеуметтік парақшасында.
Жәнібек келесі айқасын 26-маусым Лас-Вегаста өткізеді. Оның қарсыласы WBA тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Роб Брант (26-2, 18 КО) болады. Жекпе-жекті Қазақстанда тікелей көрсетеді.