Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық боксшымен жекпе-жек өткізуге келісті
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) бразилиялық Эскива Фалькаомен (11-0, 7 КО) жекпе-жек өткізуге келісті. Бірақ тек әлеуметтік желіде ғана, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) бразилиялық Эскива Фалькаомен (11-0, 7 КО) жекпе-жек өткізуге келісті. Бірақ тек әлеуметтік желіде ғана, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татпаған бразилиялық WBO ұйымы чемпиондық жекпе-жекті Қазақстанда ұйымдастырса да, келуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл мәлімдемеге Әлімханұлы - "Бауырым, мен сені нокаутқа жіберетінімді білесің. Бұл саған не үшін керек?", - жауап берді.
Бұдан кейін де Фалькао үнсіз қалмады. "Жекпе-жекті ұйымдастырайық. Мен сенімен кездескім келеді. Біз екеуміз бір промоутерлік компанияданбыз. Сенен мықты екенімді дәлелдеймін", - деген еді.
"Мен дайынмын", - деп Жәнібек жауап берді.
Let's make this fight happen, I want to fight you.
— Esquiva Falcao (@esquivafalcao) January 27, 2022
we are from the same company.
I will prove to you that I am better https://t.co/TqUeOJZv09
Еске салайық, орта салмақта WBO белбеуінің иегері америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) міндетті қарсылас қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен кездескісі келмейтінін айтты. Андреде сол үшін белбеуді босатып, екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) кездесу өткізуге ниетті.
Жарнама