Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионының міндетті қарсыласы атанды

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) осы салмақа WBO белбеуінің иегері америкалық Деметриус Андраденің ((31-0, 19К) міндетті қарсыласы атанды. Бұл ақпаратты Vesti.kz тілшісіне боксшының менеджері Берік Сұлтан айтып берді. 

Еске салайық, Әлімханұлы бүгін Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында кәсіпқой бокстағы он бірінші кездесуін өткізіп, франциялық әлемнің бұрынғы чемпионы Хассан Н'Дам Н'Жикамды сегізінші раундта жеңді. 

"Осы кездесудің алдында Боб Арумнан жақсы жаңалық келді. Жекпе-жекте жеңген боксшы Деметриус Андраденің міндетті қарсыласы болады. Арум бокс әлемінде абыройы бар кісі. Ол сөзінде тұрады деп сенеміз. Бұйырса Жәнібек енді Андрадемен кездесіп қалады", - деді Беріс Сұлтан. 

Айта кетейік, Деметриус Андраденің өзі осыдан екі күн бұрын соңғы кездесуін өткізді. Ол ирландиялық Джейсон Куиглиге қарсы шығып, жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар