Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионының андеркартында жұдырықтасады

© instagram.com/janibek_alimkhanuly_team

Орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы рингке 17 тамызда шығады. Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

26 жастағы қазақстандық Лос-Анджелестегі Banc of California Stadium аренасында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Он раундтық жекпе-жектегі қарсыласы осы аптада анықталады. 

Бұл шоудың басты жекпе-жегінде екінші жеңіл салмақта WBO чемпионы мексикалық Эмануэль Наваррате мен америкалық Франсико Де Вака қолғап түйістіреді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Жекпе-жек уақыты белгілі болды. Қазақ стилін тағы бір көрсететін сәт туды. Қарсылас осы аптада анықталады. Жеңісте жүздесейік! #QazaqBoxingStyle #QazaqStyle @klimasmanagement @trboxing #boxeo #boxing

Публикация от JANIBEK | OFFICIAL PAGE (@janibek_alimkhanuly)

15 Июл 2019 в 6:12 PDT

Айта кетейік, Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 12 сәуірде Лос-Анджелесте мексикалық Кристиан Оливасқа қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, қазақстандық боксшы WBC Continental Americas және екінші деңгейлі WBO Global белбеулерін иеленген еді. 

Метки:
Жаңалықтар