Орта салмақтағы отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) осы салмақта WBO белбеуінің иегері америкалық Деметриус Андрадемен (31-0, 19 КО) айқас алында тағы мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Өзінің твиттер парақшасында қазақстандық боксшы чемпиондық белбеуді иеленгісі келетінін айтты. Еске салайық, бұл кездесуге байланысты промоутерлік бас сауда екі мәрте кейінге шегерілді.
"28 қаңтарда бәрі аяқталады деп сенемін. Маған чемпиондық белбеу керек", - деп жазды Әлімханұлы.