Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек алдында салмақ өлшеді
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 KO) Лас-Вегастағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 KO) Лас-Вегастағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Әлімханұлының салмағы 160 фунт (72,57 келі) болды. Ал Дигнум болса 159 фунт (72,12 келі). Осылайша, екі боксшы да орта салмақтың лимитін (72,6) сәтті орындады.
Айта кетейік, орта салмақтағы WBO ұйымының "уақытша" чемпиондық белбеуі сарапқа салынатын кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 22 мамырда болады.
Clash of undefeated Middleweights ?#JanibekDignum | TOMORROW | ESPN pic.twitter.com/EWgYmiAVfh
— Top Rank Boxing (@trboxing) May 20, 2022
Жарнама