Профи-бокс
1 тамыз 2017 18:26
 
Жанат Жақияновтың келесі қарсыласы бір аптадан кейін белгілі болады

  Пікірлер

blog.share

Жанат Жақияновтың келесі қарсыласы бір аптадан кейін белгілі болады Жнат Жаөияновтың ресми парақшасынан

Жеңіл салмақта WBA белбеуінің иегері Жанат Жақиянов Vesti.kz өзінің келесі кездесуі қашан өтетіні туралы айтып берді. 

- Көп нәрсе шешіліп қойды. Енді тек ұсақ-түйек дүниелер қалды. Шамамен бір аптадан кейін менің келесі қарсыласым кім болатынын хабарлаймын. Қазір тек жекпе-жек қазан айында шет елде өтетінін айта аламын. Ол кездесуге Ұлыбританияда жаттығамын. Жаттығу жұмыстары жекпе-жекке сегіз ай қалғанда басталады, - дейді Жақиянов. 

- Сіздің келесі қарсыласыңыз кім болатынын білмеймін. Бірақ көпшілік сізді бұл кездесуде аутсайдер болады дейді ғой ...

- Аутсайдер деп айтса, айта берсін. Роуши Уорренмен өткен кездесудің алдында мені тіпті америкалық боксшыға лайықты қарсылас емес деп еді. Мен шаршы алаңға шығып, кімнің мықты екенін дәлелдедім. Маған көпшіліктің не айтатыны аса маңызды емес. Бокста барлығын шаршы алаң шешеді. Мықты болсаң мықтылығыңды шаршы алаңда дәлелде. 

- Болашақтағы жоспарыңыз туралы айтып берсезің ...

- Алдағы кездесу биылға жоспарлаған соңғы жекпе-жегім болады. Жалпы болашақтағы жоспарым туралы әлі ойланған жоқпын. Бастысы әр жекпе-жекке соңғы кездесу секілді дайындалып шығуым керек. Өйткені, бокста әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Денсаулығым жақсы болса жұдырықтаса беремін. Қазір өзімді жақсы сезініп жүрмін. Бірақ алдағы бес жылда осылай жоғары деңгейде жұдырықтасамын деп айта алмаймын. 

-

Жарнама

Живи спортом!