auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жанат Жақиянов туралы фильм түсірілуде

Фильм осы жылдың соңына дейін жарық көреді.

Жанат Жақиянов туралы фильм түсірілуде
Петропавлда "Жанат Жақиянов - артқа қадам жоқ" атты деректі фильмнің түсірілімі өтуде. Картина қазақстандық боксшының чемпиондық атаққа дейінгі ұзақ жолы туралы баяндамақ. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Профи Бокс Қазақстан" тобында жазылған.

Жоба жетекшісі - Алексей Мишаченко. Жанат Жақиянов - аса жеңіл салмақта (53,5 келі) өнер көрсететін кәсіпқой боксшы. Солтүстік Қазақстан облысында туған. Петропавлда отбасы тұрады - анасы, әйелі мен екі кішкентай баласы (9 айлық ұлы Ердос пен 2 жастағы қызы Нұрай). Жанаттың өзі негізінен Ұлыбританияда тұрады және IBF, WBO, IBO тұжырымдары бойынша бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Рикки Хаттонның жетекшілігімен сол елде жаттығады.



Еске салайық, 11 ақпан күні Американың Толедо қаласында аса жеңіл салмақ дәрежесінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов пен америкалық Роуши Уоррен арасында WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы үшін айқас өтті. Төрешілердің шешімімен 12 раундтық жекпе-жек Жақияновтың жеңісімен аяқталды.


Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар