Жан Кособуцский соңғы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) Минскідегі жеңісінен кейін Boxrec.com беделді порталының рейтингіндегі орны жоғарылады.

Ақмола облысының бас санитария дәрігері тұрғындарды асқа бармауға шақырды Өткен тәулікте 1424 адамның пневмониямен науқастанғаны белгілі болды 7 тамыз: Туған күн иелері Флойд Мэйвезерге Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуді ұсынды Кособуцкий оныншы раундта поляк боксшысы Камил Соколовскиді (9-18-2, 3 КО) нокаутпен жеңіп, рейтингте аса ауыр салмақта 47- орыннан 44-ке көтерілді. Бұл қазақстандықтың кәсіби карьерасындағы өткізген 14 жекпе-жектің он үшінші нокауты. Оның ішінде жеті рет қатарынан нокаутпен жеңген.

Еске сала кетейік, Жан Кособуцкий IBO Inter-Continental нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. 31 жастағы аса салмақтағы боксшы үшін бұл оның Universum Box-Promotion жаңа промоутерлік компаниясымен өткізген екінші жекпе-жегі болды.


Метки:
Жаңалықтар