Жан Кособуцкий келесі кездесуін 12 нокауты бар қарсыласқа қарсы өткізеді
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) Vesti.kz порталының тілшісіне 21 тамыз күні Гамбург қаласында WBA International белбеуін қорғайтынын айтты.
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) Vesti.kz порталының тілшісіне 21 тамыз күні Гамбург қаласында WBA International белбеуін қорғайтынын айтты.
32 жастағы отандасымыз алдағы кездесуінде 31 жастағы Джои Давейкомен (21-8-4, 12 КО) жұдырықтасуы керек. Кособуцкийдің айтуынша, екі тарап кездесуді өткізуге келісімге келген.
"Келісімге келдік. Бір аптадан кейін ұшып кетеміз. Беларусь елінде дайындалып, кейін Германияға барамыз. Давейкоға қарсы кездесу болады. Және бұл кездесуде белбеуімді қорғаймын. Мендегі ақпарат осы. Өзгеріс болады деп ешкім айтпады", - деді Кособуцкий.
Жекпе-жек 21 тамызда өтеді. Бұл Жанның Германия жерінде өткізетін үшінші кездесуі болады. Бұған дейін қазақстандық боксшы осы елде алдымен хорват Агрон Смакичиді (16-1, 14 КО) кейін нигериялық Онориоде Евариемені (18-2, 17 КО) жеңді.
Жарнама