Профи-бокс
20 желтоқсан 2017 10:22
 
Жан Кособуцкий кәсіпқой бокстағы үшінші кездесуін украиналық боксшыға қарсы өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Жан Кособуцкий кәсіпқой бокстағы үшінші кездесуін украиналық боксшыға қарсы өткізеді Жан Кособуцкий. Сурет: top-news.kz

Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (2-0, 2 КО) келесі кездесуін 21 желтоқсан күні өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Жекпе-жек кешін Мәскеу қаласында "Крылья Советов" спорт кешенінде өтеді. Кездесу сегіз раундқа жоспарланып отыр. 

BoxRec.com порталының мәліметі бойынша, қазақстандық боксшының қарсыласы украиналық Алекснадр Нестеренко болады. Ол кәсіпқой бокста 17 кездесу өткізіп, тоғызында жеңіске жетсе, сегіз кездесуде жеңіліп қалған. 

Негізі Нестеренко Кособуцкийдің кәсіпқой бокстағы екінші қарсыласы болуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді. Бірақ қараша айында бұл екі боксшы кездесе алмай, қазақстандық боксшы беларусь Олег Заблотскиймен кездесіп, жеңіске жеткен еді. 

Әуесқой бокста жүрген кезінде Жан Кособуцкий 2013 жылы Казанда өткен Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанған болатын. Сонымен қатар ол Қазақстан біріншілігін 2010, 2012 және 2013 жылдары үш рет жеңіп алды. 

Жарнама

Живи спортом!