auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жақияновтың бапкері "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы қорғаушысымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты

Хаттон карьерасын 2009 жылы аяқтаған еді.

Жақияновтың бапкері "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы қорғаушысымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты
Сурет: BoxingScene
Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Рикки Хатон (45-3, 32 КО) Англия құрамасы мен "Манчестер Юнайтед" клубының қорғауышсы Рио Фердинандпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты. 

Осыдан екі жыл бұрын футболдағы карьерасын аяқтаған Фердинанд қазіргі уақытта бокспен шұғылданып жатыр. Қорғаушы  қатерлі ісіктен қаза тапқан әйелі Ребекканың орнын басады деп боксты таңдаған. Қазіргі уақытта ағылшындық арналардың бірінде сарапқы болып қызмет атқаратын Фердинандта үш баласы бар. 

Қыркүйек айында ол бокспен білек сыбана айналыса бастаған хабарлаған еді. Бірақ кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізеді ме, жоқ па нақты айтқан жоқ. Дегенмен де ол жуырда аса ауыр салмақта өнер көрсететін Энтони Джошуа (20-0, 20 КО), Тайсон Фьюри (25-0, 18 КО), Давид Хэй (28-3, 26 КО) және Тони Бельо (29-2-1, 19 КО) секілді боксшыларды жекпе-жекке шақырды. Бұл боксшылардың барлығы да чемпиондық белбеулердің иегері болған. Ал қорғаушының жақыг досы Джошуа болса қазір аса ауыр салмақта үш белбеудің иегері. 

"Рой - керемет жігі. Ол бокс жанкүйері. Фердинанд бос әңгіме айтатын жігіт емес. Сондықтан да қазір ол шынымен бокспен шұғылданып жатыр. Мен онымен кездесу үшін боксқа қайта оралуға дайынмын", - деп келтіреді Хаттонның сөзін BoxingScene басылымы. 

39 жастағы Хаттон карьерасын 2009 жылы аяқтаған еді. Бірақ 2013 жылы бір кездесу үшін карьерасын қайта жандандырды. Ал Фердинанд болса футболдан 2015 жылы кеткен болатын. 

Қазіргі уақытта Хаттон баркерлік қызмет атқарады. Ол 2012 жылдан бері қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақияновтың (27-2, 18 КО) жүр. 







Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар