auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жақияновты жеңген Барнетт келесі кездесуін қазақстандық боксшының бұрынғы қарсыласымен өткізеді

Жақияновпен өткен кездеуден кейін британдық боксшы допинг тексерістен өтпеген еді.

Жақияновты жеңген Барнетт келесі кездесуін қазақстандық боксшының бұрынғы қарсыласымен өткізеді
Жақиянов - Барнетт жекпе-жегі. Сурет Reuters©
Жеңіл салмақта әлем чемпионы британдық боксшы Райан Барнетт (18-0, 9 КО) келесі кездесуін венесуэлалық Йонфрез Парехоға (21-2-1, 10 КО) қарсы өткізеді, деп жазады Vesti.kz порталы. Бұл туралы кеше боксшылардың өздері, Matchroom промоутерлік компаниясы және Sky Sport телеарнасы хабарлады. 

Жекпе-жек 31-наурыз күні Кардиффте өтеді. Бұл бокс кешінің басты кездесуінде аса ауыр салмақта WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы британдық Энтони Джошуа (20-0, 20 КО) мен WBO белбеуінің иегері жаңа зеландиялық Джозеф Паркер (24-0, 18 КО) шаршы алаңға шығады. 

Барнетт өзінің соңғы кездесуін 21-қазан күні Жанат Жақияновқа (27-2, 18 КО) қарсы өткізіп, төрешілерлің шешімі бойынша жеңіске жетті. Осылайша ол қазақстандық боксшыдан WBA белбеуін тартып алды. Жекпе-жектен кейін Барнетт бірден емхана кеткен еді. Сондықтан да ол кездесуден кейінгі міндетті допинг тексерістен өтпеді. Осы мәселеге байланысты Жақияновтың командасы шағым да түсірді. Алайда WBA және IBF ұйымдары арызды қарастырмады. 

Ал Парехо болса 2015 жылдың қараша айында Монако қаласында Жақияновпен кездескен болатын. 12 раундтқа созылған ол кездесуде қазақстан боксшы жеңіске жетіп, WBA белбеуінің уақытша чемпионы атанды. 












Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар