Жақиянов реваншсыз қалды. Барнеттің промоутері жоспарымен бөлісті
Райан Барнетт пен Эдди Хирн. © Sky Sports
Қазақстандық Жанат Жақияновты (27-2, 18 КО) жеңген жеңіл салмақта IBF және WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Райан Барнеттің промоутері Эдди Хирн боксшының жоспарымен бөлісті
"Біз Белфастқа ақпанда не наурызда қайтып келуді жоспарлап отырмыз. Дивизиондағы барлық белбеулердің басын қоссақ деген ойымыз бар. Біздің салмақта әйгілі боксшылар жиналған. Джейми Макдоннелл ("тұрақты" WBA чемпионы), Пол Батлер (WBA титулына үміткер және IBF нұсқасының экс-иегері) Золани Тете (WBO чемпионы), ал WBC титулы әзірге бос. Райан барлығын жинамақшы", - деді Хирн Sky Sports басылымына берген сұхбатында.
Осылайша, промоутеер Барнеттің Жақияновпен екінші кездесу өткізбейтінін айтты. Осыған дейін, қазақстандықтың промоутері Филипп Фондю екі боксшының арасында толтырылған келісімшартта не жазылғанын айтып берген еді.
Жақиянов пен Барнетт арасындағы жекпе-жек қазанның 21-нен 22-не қараған түні Белфаст қаласында өтті. 12 раундқа созылған кездесуде төрешілер шешім шығарып, жеңісті алаң иесіне берді.
Жанат Жақиянов WBA (Super) белбеуінен айырылып қалды, ол оны биыл ақпанда иеленген еді. Қазақстандық боксшы спорт мансабында екінші рет тізе бүкті, ал оның қарсыласы әлі жеңілген жоқ - 18 жеңіс (11 КО).

Жарнама