Профи-бокс
14 сәуір 2017 17:21
 
Жақиянов пен Шарипова бір бокс кешінде шаршы алаңға шығуы ықтимал

  Пікірлер

blog.share

Жақиянов пен Шарипова бір бокс кешінде шаршы алаңға шығуы ықтимал

Қазақстандық кәсіпқой бұрымды боксшы Фируза Шарипова (4-1, 2 KO) Астанада жеңіл салмақтағы WBA (Super) чемпионы Жанат Жақияновпен (27-1, 18 KO) бір бокс кешінде жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы AllFight.ru боксшымыздың менеджері Сергей Завильский айтып берді. 

- Фирузаның чемпиондық атаққа талас жекпе-жегі туралы жаңалық бар ма?

- Қазіргі уақытта біз Астанада үлкен бір бокс кешін ұйымдастыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Мен "Сарыарқа" спорт кешенінің басшыларынан қай күні өткізу туралы рұқсатты күтіп отырмын. 15 және 22 маусым аралығында велотрек бос емес. Сондықтан да бокс кешін 29 маусымда өткізуіміз мүмкін. 

Біз Ержан Залиловпен (7-0-1, 2 КО) келісіп қойды. Ол бұл кешінде WBC International Silver белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. Осы кеш барысында Фируза WBC тұжырымының чемпиондық белбеуіне таласуы мүмкін. Сонымен қатар Жанат Жақияновтың менеджері Филипп Фондюға ұсыныс жасадық. Олар қазір қарастырып жатыр ұсынысты. Жауапты күтіп отырмыз. 

- Келіссөздер қалай өтіп жатыр?

- Шынымды айтсам, келіссөздер қиын жағдайда өтіп жатыр. Өйткені, ұйымдастырушылар жұмысты өте баяу істеп жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Жанат Жақиянов өзі де EXPO-2017 көрмесі кезінде кездесу өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан еді. 

Жарнама

Живи спортом!