auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жақиянов пен Барнетт осы күнге жету үшін қиын жолдардан өтті. Бізді екі қайсар боксшылардың кездесуі күтіп тұр - маман

Жақиянов пен Барнетт осы күнге жету үшін қиын жолдардан өтті. Бізді екі қайсар боксшылардың кездесуі күтіп тұр - маман
Америкалық спорт тілшісі әрі Delcotimes.com порталының комментаторы Джек МакКаферри Vesti.kz порталының тілшісіне жеңіл салмақтағы WBA(Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов пен жеңіл салмақтағы IBF белбеуінің иегері британдық Райан Барнетт арасындағы жекпе-жегі туралы ойымен бөлісті. 

"Жақиянов та,Барнет те мықты боксшылар. Ол екеуі де қазіргі деңгейге жету үшін қиын жолдарды басынан кешірді. Екі боксшының да жеңіске деген жігері керемет. Дегенмен, бұл кездесуде Барнетт - сөзсіз фоварит. Бірақ Жақиянов Уореннен алған екі нокдауннан кейін де берілмегенін жақсы білемін. Сондықтан да ол Белфестке белбеуін Барнетке беру үшін барады деп айта алмаймын. Бұл екі қайсар боксшының жекпе-жегі болады. Жеңіске алдымен өз-өзімен жеңе білген боксшы жетеді деп ойлаймын", - дейді МакКаферри. 

Айта кетейік, Жақиянов 21 қазан күні Белфаст (Солтүстік Ирландия) қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы IBF белбеуінің иегері Райан Барнетт болады. Ирландиялық боксшы кәсіпқой бокс шаршы алаңында 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 9 рет ол қарсыласын нокаутқа жіберген.

Ал Жақиянов болса 27 кездесу өткізіп, тек бір жекпе-жекте жеңілістің кермек дәмін татқан. Соңғы рет отандасымыз шаршы алаңға 11 ақпан күні Толеде (АҚШ) қаласында шығып, америкалық Роуши Уорреннен үстем түсіп, жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO белбеулерін жеңіп алды. Бірақ кейіннен Жақиянов IBO белбеуінен бас тартты.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама