auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жақиянов Кличко - Джошуа бокс кешінде шаршы алаңға шығуы мүмкін

Кличко - Джошуа жекпе-жегі 29 сәуір күні Лондонда өтеді.

Жақиянов Кличко - Джошуа бокс кешінде шаршы алаңға шығуы мүмкін
©Sky Sports
Жеңіл салмақта WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) 29 сәуір күні Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтетін украиналық Владимир Кличко мен британдық Энтони Джошуа (18-0, 18 КО) арасында ауыр салмақтағы WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы талас үшін өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығуы мүмкін. 

Джошуаның промоутері Эдди Хирннің айтуынша, бұл бокс кешінде тағы бір чемпиондық атаққа талас жекпе-жегі өтеді. Оның қатысушыларының бірі британдық Райан Барнетт (16-0, 9 КО) болады. Бірақ оның қарсыласы әлі анықталған жоқ. 

Irish-boxing.com порталының мәліметі бойынша, бұл кездесуде Барнеттің қарсыласы қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов болуы ықтимал. Өйткені, бұл салмақтағы WBC тұжырымының чемпионы Шинсукэ Яманака өткен айда ғана жекпе-жегін өткізді және бұған дейін ол өз елінен басқа жерде ешқашан жұдырықтаспаған. Ал WBO тұжырымының чемпионы Марлон Тапалес (29-2, 12 КО) болса жекпе-жегін келесі аптада өткізеді. Осылайша жекпе-жек кешіне WBA (Super) тұжырымының чемпионы Жақияновтың қатысуы жоғары бағаланып отыр. 

Еске салайық, Жақиянов өзінің соңғы кездесуін 11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роуши Уорренге қарсы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жеткен еді. Сөйтіп, отандасымыз жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарының чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Бірақ кейіннен боксшымыз IBO белбеуінен бас тартты. 


Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар